Бас жаңалықтар
Қостанай тұрғыны гаражды есірткі зертханасына айналдырған
14 Маусым 2021, 23:45 1274

Қостанай тұрғыны гаражды есірткі зертханасына айналдырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындау бойынша наркологиялық зертхананың қызметін тоқтатты. 

Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны кеншілер қаласының автогараж қоғамдарының бірінің аумағында орналасқан гаражды жалға алған.

Гаражда тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308,8 грамм «мефедрон» психотроптық заты бар 446 zip-пакетті тәркіледі, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Гараждан есірткі заттарының өндірісі мен орамасына арналған кофе тартқыштар, электронды таразы, 94 жаңа zip пакеттері, этил спирті, полиэтилен пакеттері тәркіленді. Ер адамның өзімен бірге 84 мың теңге ақшалай қаражаты болған.

Рудный қаласы ПБ бастығының айтуынша, аталған факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінде (Аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, қайта өңдеу, сақтау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған ер адам мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...