Бас жаңалықтар
Қостанай өңірінде қатерлі ісікке шалдыққандар азайып келеді
PHOTO
11 Наурыз 2021, 15:14 427

Қостанай өңірінде қатерлі ісікке шалдыққандар азайып келеді

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай өңірінде қатерлік ісікке шалдыққандар саны 12,7% азайып отыр. Ал, сырқаттанғандардың бесжылдық өмір сүру деңгейі 3,7% артқан. 2020 жылы Қостанай облысында 2250 адамнан рак ауруы анықталды. 2019 жылы қатерлі ісік диагнозы 2589 адамға қойылған. Яғни, сырқаттанғандар саны 12,7% кеміген.

Аурудың қатерлі түрінен қайтыс болғандар саны азайып келеді. Кеселге шалдыққандардың өмір сүру жасы ұзарды. Мұны жұмыс нәтижесі дер едім. Былтырдан бастап ішек, бүйрек, әйелдердің жыныстық жолдары патологиясына лапароскопиялық оталар саны артты. Бұл отадан кейінгі асқынуды азайтып, қайта қалыпқа келу мерзімін қысқартты, - дейді Қостанай қалалық онкологиялық көп бейінді ауруханасының бас дәрігері Игорь Дженджара.
ксот.JPG

Сондай-ақ, ол да бауыр ісігінің артерияларын және метастатиканы жою үшін химиоэмболизация тәжірибесі қарқынды енгізіліп жатқанын атап өтті. Химиоэмболизация – ісік артериясын жабуға мүмкіндік беретін арнайы химиотерапия әдісі.

Онкологиялық аурухана дәрігерлері кәсібилігінің арқасында абдоминальді хирургияны жаңа деңгейге көтерді. Атап айтқанда, біздің аймағымызда бұрын болмаған радикалды субтотальды панкреатэктомия және ішек ісігінің лапароскопиялық резекциясы сияқты жедел емдеу әдісі енгізіліп отыр, - деді Игорь Дженджара.
кост1.JPG

2020 жылы аурухана жанынан ісіктің алғашқы белгілерін ерте анықтауға мониторинг жүргізетін ситуациялық орталық ашылған еді. Соның арқасында қазір пациентердің бастапқы белгілермен қаралу деңгейі 90%-ға жетіп отыр.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...