Қостанай облысының 500-ге жуық кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» жобасына қосылған

25 Маусым 2021, 19:45
1651
Бөлісу:
Қостанай облысының 500-ге жуық кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» жобасына қосылған

Нұр-Сұлтан BAQ.KZ. «Ashyq» жобасы Қостанай облысының барлық ауданында ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастап жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда Қостанай облысында «Ashyq» жобасына қосылған 481 нысанның 419-ы жоба қатысушылары болса, 62-сі тестілік режимде жұмыс істеп жатыр. 

Өңірдегі шектеу талаптарының орындалуын бақылайтын мониторингтік топтар 268 нысанды («Ashyq» жобасына қатысушылар) тексіріспен қамти отырып, 127 рейд өткізді. 

Аталмыш топтардың жұмысы барысында карантиндік талаптарды бұзған 4 нысан анықталды, 3 адам («Ashyq» қатысушылары), 1 кәсіпкерлік субъектісі (жеке кәсіпкер) жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 466 720 теңгені құрайды. 

26 сәуірден бүгінге дейін Қостанай облысында «Ashyq» жобасының көмегімен «қызыл» мәртебесі бар 8 адам және «сары» мәртебесі бар 6 адам анықталды. 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы