Бас жаңалықтар
Қостанай облысында жедел-жәрдем қызметкеріне қылмыстық іс қозғалған
28 Шілде 2021, 11:13 242

Қостанай облысында жедел-жәрдем қызметкеріне қылмыстық іс қозғалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы Қуаныш Бекбасов «Antikorlive» жобасы аясындағы брифингте айтты.

Биыл 6 айда департамент 42 қылмысты ашты. Оның ішінде жемқорлыққа қатысты іс 39-ды құрап отыр. Қылмыстық жауапкершілікке 22 адам тартылды, оның 7-уі жетекшілікте жүргендер. Өткен жылы 5 жетекші жауапкершілікке тартылған еді, – деді Бекбасов.

Оның айтуынша, жемқорлықпен күрес бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Ұжымдарға түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Пандемияның күрделі кезеңінде мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер бірлесіп жұмыс істей алды. Дәрі-дәрмек бағаларына мониторинг жүргізілді. Пандемия кезінде баю ниетімен, өзінің жекке мүддесін бірінші орынға қойғандар да болды. Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты жедел-жәрдем мекемесінің аудандық кіші станциясының фельдшеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деді ол.

Ол жедел-жәрдем қызметкерлерінің үстемақы алуы үшін қызмет бастығына 2 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін пара беруге азғырды деп күдіктелген.

Фото: дереккөз
Загрузка...