Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты

5 Желтоқсан 2020, 06:47
1521
Бөлісу:
Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты, деп хабарлайды Аlau.kz.  

Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Денисов ауданы Фрунзе ауылында болған. Өрт салдарынан 2016 жылы туған қыз бен 2018 жылғы бала қаза тапты.

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 14.00-де балалардың ата-анасы көршілес Аят ауылына азық-түлік алуға кеткен. Олар үйде шамамен 2 сағат болмаған. Үйге тек 16.00-де келген. Ата-ана есікті ашған кезде түтіннің иісін сезген.

Олар балалар жатқан бөлмеге жүгіріп барып, алдымен ұлын, кейін қызын шығарды. Оқиға орнына бірден медицина қызметкерлері мен «Фрунзенское» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру бөлімі шақырылды. Алайда балалар 17.15-те көз жұмды, - дейді Қостанай облысы ТЖД басшысының орынбасары Азамат Өрімбаев.

Мамандардың болжамынша, балалар үйдің жатын бөлмесінде сіріңкемен ойнаған. Салдарынан өрт шыққан. Осы сәтте олар басқа бөлмеге қашқан. Алайда олар түтіннен уланып қаза тапқан.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысында өрттен 4 бала көз жұмған. Құтқарушылар қостанайлықтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.


Өзгелердің жаңалығы