Қостанай облысында өңдеу өнеркәсібі 14,6 пайызға өсті

1 Шілде 2021, 18:35
1338
Бөлісу:
Қостанай облысында өңдеу өнеркәсібі 14,6 пайызға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбындағы брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылдың 5 айының қортындысы бойынша облыс бірнеше сала бойынша өсімге қол жеткізген.

Өнеркәсіпте 9,7 пайызға соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 14,6 пайызға. Ауыл шаруашылығында 2,1 пайызға. Негізгі капиталдық инвестициялар 8,8 пайызға өсті. Құрлыс саласында 29,6 пайызға өсім бар. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша 20,3 пайыз. Инфляция 3,3 пайызды құрады. Бұл орташа Республикалық көрсеткіштен 0,2 пайызға төмен, – деді ол.

Сөзінше, инвестициялық жобаларды іске асыру индустрияландыру жылдарынан қалған кәсіпорындардың арқасында ғана мүмкін болып отырғанын жеткізді.

Жыл басынан облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 860 млрд тенгенің өнімін өндірді. Айтарлықтай өсім индустрияландыру жылдарында инвестициялық жобаларды іске асырған кәсіпорындардың арқасында мүмкін болып отыр. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі машина жасау өндірісінің, металл бұйымдары өндірісінің және тамақ өнімдері, жоғарыда айтып кеткенімдей, 14,6 пайыз өсімді көрсетіп отыр, – деді Архимед Мұхамбетов.

Сонымен қатар әкім облыстың индустриалдық секторын дамытуға арналған жоспарымен бөлісті.

Жалпы, өсу резервтері ретінде алдағы жылдарға арналған шамамен 6200 жұмыс орнын аша отырып, 2 трлн тенгені құрайтын 80 жобалық тізім қалыптастырылды. Олар экономиканың индустриалдық секторын дамытуға және өнеркәсіптік өндіріс көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді, – деді Қостанай облысының әкімі.

Олжас АДАЙ

Өзгелердің жаңалығы