Қостанай-Әулиекөл жолында көлік апатынан 7 адам қаза болды

2 Наурыз 2021, 19:47
4686
Бөлісу:
Қостанай-Әулиекөл жолында көлік апатынан 7 адам қаза болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай-Әулиекөл трассасында жантүршігерлік жол апаты болды. Қайғылы оқиға салдарынан 7 адам қайтыс болған.

Өңірдің ПД деректеріне сүйенсек, Қостанай-Әулиекөл трассасының 69-шақырымында Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында екі жол талғамайтын көлік соқтығысқан.

Белгілі болғандай Lexus көлігі елордадан Қостанайға кетіп бара жатқан, ал Mitsubishi Pajero облыс орталығына жол тартқан.

Оқиға орнына 2 жедел жәрдем бригадасы келді. Жол апатына түскен бар адамның көз жұмғаны анықталды. Lexus-тегі үш ер адам және Mitsubishi-дегі үш әйел мен бір ер адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Барлығы өте ауыр жарақат алған, - деді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Жол апаты болған жерде полиция мен прокуратура қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы