Қосшыда тұңғыш рет «Ақмола жұлдыздары» байқауы өтеді
25 Қараша 2021, 21:39 94

Қосшыда тұңғыш рет «Ақмола жұлдыздары» байқауы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қосшы қаласы Ақмола облысының дәстүрлі «Ақмола жұлдыздары» көркем өнерпаздар байқауына алғаш рет қатысады.

Сол себепті, бұл байқау «Ақмола жұлдыздары» байқауына Қосшы қаласының атынан қатысатын өнерпазды анықтау мақсатында ұйымдастырылуда. Облыстық деңгейде өтетін додаға қаламыздың атынан қатысатын өнер иесін таңдау үшін өткізілгелі отырған байқауға қаламызда барлық өнер майталмандары – қолөнер шеберлері, фольклорлық ансамбль, Кемеңгеревтер  отбасылық ансабльі, «Замандас» ардагерлер ансамбльі, қаламыздың дәстүрлі және эстрадалық әншілері және басқа да өнер иелері қатысады – дейді ұйымдастырушылар.

Шараны Қосшы қаласы Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен Қосшы қаласы Мәдениет үйі ұйымдастырып отыр.

Қаламыздың көркем өнерпаздарымыздарын анықтайтын байқауға қатысып, қолдау көрсетіңіздер!


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...