Қосшы қаласының полиция басшысы тағайындалды

4 Желтоқсан 2021, 16:04
2559
Бөлісу:
Қосшы қаласының полиция басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы  Арманбек Баймурзин полиция подполковнигі Сақанов Талғат Абдрахманұлын таныстырып, Қосшы қаласы полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтады. 

Қосшы қаласы полиция бөлімінің қызметкерлеріне 3 қызметтік автокөліктің кілті тапсырылды. 

Сондай-ақ, Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы А. Баймурзин қаладағы полиция бөлімінің ғимаратына барып, бөлім жұмысымен танысты. 

Қосшы қаласының полиция бөлімі қаламыздың тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нәтижелі қызмет атқарады деп сенеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы