Қосшы қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

24 Қыркүйек 2021, 15:45
2833
Бөлісу:
Қосшы қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы конкурстың негізінде Қосшы қаласы әкімі Ғайдар Қасеновтің өкімімен Қосшы қаласы «Ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту» ММ басшысы болып Көңбай Айнагүл Көңбайқызы тағайындалды. 

Айнагүл Көңбайқызы 1982 жылы туған, мемлекеттік қызметте көптеген жылдар бойы табанды қызмет етіп келеді. 

Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысы, Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасынан бастаған. 

2013-2017 жылдар аралығында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.


Өзгелердің жаңалығы