Елорда маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілді

27 Шілде 2021, 08:09
4160
Бөлісу:
Елорда маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда маңындағы Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы арнайы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

2021 жылғы 27 шілде

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  4.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

      Президенті                                                                                        Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 26 шілде

                № 629

Өзгелердің жаңалығы