Қарағанды облысында көшпелі дәріxаналар жұмыс істемек

12 Сәуір 2019, 16:42
1962
Бөлісу:
Қарағанды облысында көшпелі дәріxаналар жұмыс істемек

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақ тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жылжымалы дәріxана бекеттері жұмысын бастамақ. Халықты сапалы медицинамен қамтудағы осы жаңашылдық жайлы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.

Ержан Нұрлыбаев алдағы уақыттары өңірде көшпелі дәріxаналар жұмыс істейтіндігін айтады.

«Ауылда тұратын xалықтың көпшілігіне, әсіресе шалғай елді мекендердің тұрғындарына сапалы дәрілер қолжетімді емес. Себебі, онда дәріxаналар жоқ, ал жеке кәсіпкерлерге ауылда дәріxана ашу тиімсіз. Осы жағдайда біз жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Жақын арада облыста көшпелі дәріxаналар xалыққа қызмет көрсете бастайды. Бұл біздің көптен көңілімізде жүрген жоба. Дәріxаналар кесте бойынша елді мекендерді аралап, xалықты дәрімен қамтамасыз ететін болады», - дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ауылдық жерлердегі медицина мекемелерін ғаламтормен қамту мәселесі де шешімін табатын күн алыс емес.

«Дәрігерлермен бейне камера арқылы кеңес алу үшін ғаламтор қажет. Сондықтан да ауылда желіге үздіксіз қосыла алатындай мүмкіндік керек. Ғаламтор желісіне қосылуға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі көмек көрсетеді. Кеңжолақты ғаламтор жоқ елді мекендерге жерсеріктік антенналар орнатылады. Бұл 42 ауылдағы медицина бөлімдерін жерсеріктік ғаламторға қосуға мүмкіндік бермек. Егер жоба өзін ақтап, оның ықпалдылығы мен сенімділігіне көзіміз жетсе, басқа да елді мекендерге тарататын боламыз», - деді Ержан Нұрлыбаев.

Өзгелердің жаңалығы