«Қошқар-Атада» жасыл аймақ құрылады
25 Қараша 2021, 14:49 141

«Қошқар-Атада» жасыл аймақ құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтіру бойынша 1-кезеңді іске асыруға 2021 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. 

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім етті. 

Қазір қалдық қоймасының 100 гектарына 300 мың текше метр топырақ себілді. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 259 га жер қазу жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр, -деді әкім. 

Оның сөзінше, қалдық қоймасындағы микроклиматты тұрақтандыру мақсатында соңғы 5 жылда 88,2 гектар жерге ұзындығы 8,8 шақырым, ені 100-150 метр 238 750 сексеуіл мен жүзгін отырғызылған. Сондай-ақ, биыл 40 гектар жерге 100 мың дана қара сексеуіл егу басталды. Бұл жұмыстар 2021-2023 жылдарға есептелген.

2025 жылға дейін «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының айналасында ауданы 150 га жасыл қорғаныш аймағын жасақтау жоспарланған. Мұнда жалпы ұзындығы 15 шақырым, ені 100-150 метр болатын 400 мың қара сексеуіл көшеттері отырғызылады, -деп атап өтті Н.Ноғаев.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...