Бас жаңалықтар
Көшербаев Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді
22 Сәуiр 2021, 16:53 238

Көшербаев Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның онлайн жүйесіндегі отырысы өтті.

Отырысты ашқан Қырымбек Көшербаев мемлекеттік рәміздер біздің Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы болып табылатынын және үш онжылдық бойы Қазақстан халқының бірлігін, тұтастығын және азаматтық бірегейлігін бейнелейтінін атап өтті.

Сондай-ақ мемлекеттік хатшы Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік рәміздерді пайдалануды кеңейтуді көздейтін заңнама мен нормативтік актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірленгенін айтты.


Отырыста Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, геральдикалық зерттеулер орталығының қызметі туралы, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамқұлов пен Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаевтың мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев мемлекеттік рәміздер мен геральдика саласы бойынша, атап айтқанда, осы бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, ведомстволық наградаларды оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарға патриоттық тәрбие беруде қоғамдық ұйымдардың әлеуетін кеңінен пайдалану туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне өңірлерде мемлекеттік рәміздерді насихаттау орталықтарының тиімді қызметін қамтамасыз ету, шалғай ауылдық округтердегі осы жұмысқа ерекше назар аудару тапсырылды, - делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...