Көшербаев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

10 Тамыз 2020, 17:46
1967
Бөлісу:
Көшербаев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік хатшысы Нұр-Сұлтандағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, мерейтойлық комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерінің қатысуымен елордадағы Абай ескерткішіне салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қойды. Осындай салтанатты рәсімдер еліміздің барлық өңірінде өтті. 

d66352a37e6f99343107695652808368.jpg

Белгілі болғандай, Қазақстанда "Абай күні" тұңғыш рет атап өтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Абай күнін белгілеп, еліміздің атаулы мерекелік даталар тізбесіне енгізді. Басты мақсат – Абайды ұлтымыздың рухани реформаторы, әлемдік деңгейдегі кемеңгер ретінде оның теңдессіз шығармашылығын насихаттау, - делінген хабарламада.
f39f23080eb167c5acc0f0541427ca64.jpg



Өзгелердің жаңалығы