Көшеде шприц ұстап жүрген Семей тұрғыны жұрттың зәресін ұшырды

16 Сәуір 2021, 13:50
1214
Бөлісу:
Көшеде шприц ұстап жүрген Семей тұрғыны жұрттың зәресін ұшырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының көшесінде шприц ұстап жүрген ер адам жұрттың зәресін ұшырды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Орталық полиция бөліміне Семейде қала тұрғынының бірі есірткі заттарын заңсыз сақтаумен және тұтынумен айналысуы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен 26 жастағы ер адамды ұстады, оны тінту барысында күртешесінің ішкі сол жақ қалтасынан ерекше иісі бар қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц табылып, алынды.

Сараптамаға сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 0,0267 грамм болатын экстракциялық опий болып шықты, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы