Көру қабілеті нашар балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кітап шықты

23 Қазан 2019, 12:38
6732
Бөлісу:
Көру қабілеті нашар балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кітап шықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды ​​қаласы Достық үйінің қызметкерлері мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған ерекше тактильді кітап шығарды, деп хабарлады assembly.kz.

Брайль қарпімен жасалған ұлттық аспаптар туралы кітап "Жанға жақын әуендер" деп аталады. Тактильді, яғни жанасу, сезіну арқылы оқылатын кітапты бисермен тоқу сияқты түрлі қолөнер бұйымдарын пайдалана отырып әзірлеген. Кітапты қолмен ұстап сезіну арқылы оқитын зағип бала әртүрлі этностардың ұлттық аспаптарымен және оның ежелгі тарихымен таныса алады.

Достық үйінің мұражайы мен кітапхана қызметкерлері, "Қазақтану" орталығының мамандары Данагүл Садырбаева, Мереке Алшынбаева және Жомарт Мәлік бұл кітапты Қарағандының ​​зағиптарға арналған арнайы кітапханасының 50 жылдық мерейтойына орай "Мир на ладони" атты ең үздік тактильді кітап байқауына қатысу үшін дайындаған.

темпл.jpg

Кітап атворларының ақпаратына сәйкес, кітап жеңіл, берік, ең бастысы, қауіпсіз. Ұсақ бөлшектер өткір емес, әрі ұстап көруге өте ыңғайлы. Қазақтың домбырасы болсын, корей халқының темпл-блогы немесе поляк лигавкасы болсын, әрбір аспап тегістеліп ағаштан жасалған және экологиялық таза сырланған. Кітаптың әрбір бетінде аудио ақпарат, брайль және кириллицадағы мәлімет сипаттамасы қоса берілген. Сондай-ақ, кітаптың флэш-картасы, қуаттағышы мен дыбыс шығаратын құрылғысы тағы бар.

"Біздің басты міндетіміз - мүмкіндігі шектеулі балаларға қызықты, қарапайым, түсінікті де қол жетімді тілмен қоршаған әлем, түрлі этностардың мәдениеті туралы нақты түсінік беру", - дейді Данагүл Садырбаева.

лег.jpg

Байқаудың нәтижесі жақын арада шығады. Зағип жандар кітапханасының библиографы Нұржамал Тілеубергенованың айтуынша, конкурсқа өтініштер көп, әр жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар. Ең бастысы, бұл кітаптар пайдалы әрі танымды. Сондай-ақ, байқаудың арқасында кітапхана қоры жаңа басылыммен толықтырылады.







Өзгелердің жаңалығы