Михаэль Кортюм алғашқы жұмыс сапарын Алматыдан бастады

11 Қыркүйек 2019, 11:38
2231
Бөлісу:
Михаэль Кортюм алғашқы жұмыс сапарын Алматыдан бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры Михаэль Кортюм алғашқы жұмыс сапарын бастады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалының» баспасөз қызметі хабарлады. 

Неміс маманы Михаэль Кортюм өзінің алғашқы жұмыс сапарын Алматы қаласынан бастап, компанияға қарасты нысандарды аралап, өндіріс технологиясымен танысып, сол мекеме ұжымдарымен кездесті. 

Алдымен ол АГМ-«Табыс» ШШС-ке кәсіпорнына келді (бұрынғы Алматы вагон құрастыру зауыты -АВЗ). Басшы вагон жөндеу жұмыстарының қазіргі жағдайын шолып өтті. Артынан жөндеу-жабдықтау цехының ұсынатын қызмет түрлерін өз көзімен көріп, баға берді.

Сондай- ақ, темір дөңгелекті арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен егейтін «Рафамет» станогының жұмысымен танысты. Ағаш өңдеу цехында Михаэль Кортюм вагондағы ағаш бұйымдар-еден, есік, терезе жақтаулары, купе қабырғалары қалай жөдеуден өтетінін қарап шығып, гальваникалық бөлімде - хромдау әдісін бақылады.

«Вагондардың жақсы сапасының арқасында жолаушылар мен жүкті дер кезінде жеткізу - біздің басты міндетіміз. Сол себепті алда тұрған жұмыстар көп. Барлық бастамаларымызды соңында дейін жеткіземіз деген сенімдемін», - деп ойын қорытты Кортюм.

Өзгелердің жаңалығы