Коронавирустың тағы 22 штамы пайда болады – АҚШ ғалымдары

7 Шілде 2021, 05:15
1222
Бөлісу:
Коронавирустың тағы 22 штамы пайда болады – АҚШ ғалымдары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Vir Biotechnology компаниясы мен Темпл университетінің геномика және эволюциялық медицина институтының америкалық ғалымдары әлемде коронавирустың 22 жаңа мутациясы пайда болады деген болжам жасады. 

Олардың зерттеу нәтижелері medRxiv электронды кітапханасындағы мақалада жарияланды.

Біз алдағы төрт айда таралатын және пандемияның әртүрлі кезеңдерінде әрекет ететін мутацияны дәл анықтадық, – деп жазды олар болжамды модельдегі деректерді талдағаннан кейін.

Ғалымдардың пікірінше, деректер SARS-CoV-2 қалай дамитынын болжауға, болашақ штамдарға қарсы вакциналар жасауға және антиденелерді қолдана отырып диагноз қою мен терапия әдістерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Өзгелердің жаңалығы