Коронавирустың көзге әсер ететін «үш» басты белгісі анықталды

19 Қаңтар 2021, 17:50
2970
Бөлісу:
Коронавирустың көзге әсер ететін «үш» басты белгісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көздегі кейбір белгі ағзада коронавирустық инфекцияның бар екенін білдіруі мүмкін. 

Бұл туралы Англия Раскин университетінің ғалымдары Britich Medical Journal-да жариялаған зерттеулерінде жазды.

Сарапшылар COVID-19-бен ауыратын 83 науқастың денсаулық күнделіктерін талдап көрген болатын. Коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін науқастардың 18% - фотофобияға, 17% - көздің ауырсынуына, 16% - көздің қышуына шағымданған. 

Сонымен қатар «еріктілердің» көз аурулары коронавирустың негізгі белгілерінен кейін пайда болған және екі аптадан аз уақытқа созылды.

Ғалымдардың айтуынша, бұл белгілердің болуы коронавирустық инфекцияның нақты бар екенін білдірмейді, бірақ дәрігерге қаралуға себеп болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы