Коронавирустың екі бірдей штамын жұқтырған әйел қайтыс болды

13 Шілде 2021, 05:37
2411
Бөлісу:
Коронавирустың екі бірдей штамын жұқтырған әйел қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдарға коронавирус мутациясының бірнеше түрін бір уақытта жұқтыру феноменін зерттеуге тура келеді. Бір уақытта коронавирустың «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамын жұқтырған бельгиялық әйел көз жұмды, деп хабарлады Nege.kz Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Ол бірнеше мәрте құлағандықтан, биыл наурыз айында ауруханаға түскен. Сол күні коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Оның жағдайды күрт нашарлап кетті. Небәрі бес күннен соң қайтыс болды.  

90 жастағы қария бұған дейін вакцина салдырмаған.

Медицина қызметкерлері ол «альфа» (коронавирустың «британдық» түрі) және «бета» («оңтүстікафрикалық» түрі) штамын жұқтырғанын анықтады.
Қария вирустың екі түрін екі адамнан жұқтыруы ықтимал. Ол кезде Бельгияда осы екі штамм да таралған еді, – деді молекулярлық биолог Анна Ванкирберген.
Оның айтуынша, науқастың жағдайы жылдам нашарлауы вирустың екі түрі бірге болуымен байланысты. Ванкирберген бұл феноменге тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғанын атап өтті.

Бұл тақырыпта биологтың жетекшілігімен жасалған зерттеу Клиникалық микробиология және жұқпалы аурулар еуропалық конгресі (ECCMID) кезінде ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы