Коронавирусты тез емдеудің жолы табылды

3 Ақпан 2020, 18:55
57227
Бөлісу:
Коронавирусты тез емдеудің жолы табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті аурухана дәрігері 48 сағатта қытайлық вирустан егде жастағы әйелді айықтырды. Дәрігер небәрі екі препаратпен емдеген. Бұл туралы Тайландтың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап CNN хабарлады.

Бангкоктағы Раджавити ауруханасының дәрігері қытайлық 71 жастағы пациентті емдеді. Ол Лопинавир/Ритонавир ЖИТС-ке қарсы препарат пен тұмауды емдеуге арналған озельтамивирдің көбірек дозасын араластырып әзірледі.

Нәтижесінде науқастың жағдайы 48 сағат ішінде жақсарған. 

Дәрігердің айтуынша, ем қабылдаған науқастық тыныс алу жүйесінде вирустың ізі қалмаған.
Өзгелердің жаңалығы