Бас жаңалықтар
Түрікменстанда өткен велошеруге жеті мыңнан аса адам қатысты
09 Сәуiр 2020, 10:46 207

Түрікменстанда өткен велошеруге жеті мыңнан аса адам қатысты

Алматы, BAQ.KZ.   Түрікменстан астанасы мен уәләяттарында бұқараның қатысуымен велошеру өтті. 

Тек Ашхабаттағы велошерудің өзіне 3,5 мың адам қатысқан. Бұл туралы ca-news хабарлады. 

Велошерудің бағыты 15 шақырымды құрады. Түрікменстан бойынша бұқаралық велошеруге барлығы 7 мыңнан аса адам қатысқан. 

Мемлекет басшысы Гурбанғұлы Бердімұхамедовты үлгі тұтқан мыңдаған Түрікменстан азаматы Дүниежүзілік денсаулық күні аясында республика бойынша өткен спорттық шараларға қатысқан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...