Бас жаңалықтар
Коронавирустың басты белгілері анықталды
02 Сәуiр 2020, 11:30 5966

Коронавирустың басты белгілері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәм сезу мен иіс сезудің жоғалуы – коронавирусқа шалдыққан науқастардың басты белгісі. Лондон қаласындағы Король колледжінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр, деп жазады Massaget.kz.

Мамандардың айтуынша, коронавирусқа шалдыққан-шалдықпағанын тексеру үшін тест тапсырғандардың 59%-нан дәм сезу мен иіс сезудің жоғалуы сынды белгілері байқалған. Мұндай адамдардың коронавирусқа шалдығу мүмкіндігі 3 есе көп әрі аталмыш белгілер байқала бастаған сәтте 7 күнге дейін карантинде жатқаны жөн.

Ғалымдардың зерттеуінше, дәм мен иіс сезудің жоғалуы дене қызуының көтерілуіне қарағанда аурудың әлдеқайда дәлірек диагнозы болып отыр.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың басты белгілері қатарына құрғақ жөтел мен дене қызуының көтерілуін жатқызған еді. Енді бұған дәм сезу мен иіс сезудің жоғалуын да енгізуге болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...