Коронавирустың алдын алу шаралары БАҚ арқылы хабарланады – ТЖД

24 Наурыз 2020, 13:36
1572
Бөлісу:
Коронавирустың алдын алу шаралары БАҚ арқылы хабарланады – ТЖД
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов коронавирустың алдын алу шаралары теледидар және радио арқылы хабарланатынын айтты, деп жазды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаланың әкімдігімен бірлесіп, барлық теледидарлар және радиоэфирлерде қаладағы жағдай бойынша құлақтандырады.
Сіздерден сұрайтынымыз, сол берілген ақпараттарға құлақ асып, ақпаратта айтылғандарды бұлжытпай орындауды сұраймыз. Барлық атқарылып жатқан іс-шаралар біздің азаматтардың денсаулығын сақтау мен олардың өмірін сақтауға бағытталған, - дейді Бауыржан Сыздықов.


Өзгелердің жаңалығы