Алматыда екі адам коронавирустан жазылды

8 Сәуір 2020, 16:05
1310
Бөлісу:
Алматыда екі адам коронавирустан жазылды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгінгі күні 8 сәуірде Қалалық жұқпалы аурулар стационарында ем алған тағы екі науқас емдеуден шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

Бәсқарма таратқан мәліметке сүйенсек, бұл 1989 жылы туған ер адам және 1990 жылғы әйел. Олар бұған дейін анықталған пациентпен байланыста болған, екеуі де 13 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген.

Ер адамның ауруы жеңіл өтіп кетті, ал әйел адамның жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, сондай-ақ "Оң жақты үстіңгі аймақты бронх демікпесі" диагнозы қойылды, - делінген хабарламада.

Бүгінде екеуі де өзін жақсы сезініп, 14 күндік үй карантиніне шығарылған.

Осылайша, қазіргі уақытта мегаполис бойынша коронавирустық инфекциядан сауығып шыққан адамдар саны 23 адамды құрады.

Өзгелердің жаңалығы