Коронавирус: сауыққандар саны 28 мыңнан асты

26 Ақпан 2020, 09:46
1559
Бөлісу:
Коронавирус: сауыққандар саны 28 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. DXY.cn деректеріне қарағанда, әлем бойынша 80 422 адам коронавирус жұқтырған.

Коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаннан кейін ауырып емделген адамдардың саны өскен. Бұған DXY.cn сайтының деректері дәлел болады.

Дегенмен тәулік ішінде Қытайдан тыс шет елдерде 390 адам коронавирус жұқтырған. 2 709 адам қайтыс болып, 28 001 адам емделіп жазылған.

Айта кетсек, Италияда 322 адам жұқтырған, 11 адам қаза тапқан. 

Соңғы деректер бойынша Қытайдың өзінде 77 658 адам жұқтырған, 2663 адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы