Бас жаңалықтар
Коронавирустан сауыққандар саны 15-ке жетті
28 Наурыз 2020, 15:46 511

Коронавирустан сауыққандар саны 15-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен жазылғандар саны 15-ке жетті. Бүгін Елордадағы сырқаттардың бірі жазылып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Жедел штабтың телеграм каналында жарияланды.

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. ол 12 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Бұған дейін ол балалар жұқпалы ауырулар ауруханасында болған. Сонымен Елордада 13, Алматы қаласында 2 адам, -делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде індет жұқтырған 204 адам тіркелген болатын. Олардың 13-і жазылып шығып, бір адам қайтыс болған еді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...