Коронавирустан ішімдік арқылы қорғануға тырысқан 200-ден астам адам қайтыс болды

23 Наурыз 2020, 18:18
6854
Бөлісу:
Коронавирустан ішімдік арқылы қорғануға тырысқан 200-ден астам адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде кең таралып кеткен COVID-19 вирусынан ішімдік арқылы қорғануға тырысқан 200-ден астам ирандық қайтыс болды.

Соңғы бірнеше аптада алкогольмен "емдеуден" кейін өлім көбейді. Зардап шеккендердің арасында баласын "қорғауға" тырысқан ата-ана да бар.

Иранда коронавирустың алдын алу үшін алкогольді ішкен 200-ден астам адам бірнеше апта ішінде қайтыс болды. Бұл туралы Al Arabiya 23 наурызда хабарлады.

Иранда соңғы апталарда ішімдіктен улану салдарынан 200-ден астам адам қайтыс болды. Олар коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін осылай істеген, - делінген хабарламада.

Иранда алькоголь өнімдеріне 1979 жылдан бері тыйым салынған. Жалған ақпараттың кесірінен балалар да зардап шекті.

Атап айтқанда, баланы коронавирустың инфекциясынан "қорғау" үшін туыстары алкогольді ішімдік берген. Содан кейін бала комаға түскен. Басылымның берген мәліметінде баланың жасы көрсетілмеген.

Еске салсақ, әлемде 300 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырған. Күнделікті есеп бойынша, соңғы 24 сағат ішінде әлемде 26 мыңға жуық адам  осы ауруды жұқтырған, 1600-ге жуық өлім анықталған.

Өзгелердің жаңалығы