Коронавирустан алтыншы адам қайтыс болды

5 Сәуір 2020, 12:08
1247
Бөлісу:
Коронавирустан алтыншы адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде қауіпті індеттен тағы бір адам қайтыс болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында - 27 адам, Ақмола облысында - 20 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 30 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 25 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 551 науқас тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы