Коронавируспен күрескендерге "Халық алғысы" медалі беріледі

19 Мамыр 2020, 15:08
2765
Бөлісу:
Коронавируспен күрескендерге "Халық алғысы" медалі беріледі
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус індетімен күресте ерекше көзге түскен азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығының жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылды. 

Аталған медальдің наградтау қағидасында коронавирустық инфекцияға қарсы күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтары наградталатыны айтылған. Сондай-ақ, медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізетіні жазылған.

Медальді Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.  

Сонымен қатар, медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргізілетіні және наградталушының жеке өзіне тапсырылатыны жазылған. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.

"Халық алғысы" медалі белгіден және тағаннан тұрады. Медальдің белгісі алтын түстес жезден жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер болады. Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе "Birgemiz" логотипінің бейнесі жасалған. Медальдің жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Медальдің төменгі жағында "ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ" деген жазу бар. Медальдің артқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орнатылған. Ортаңғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2020" деген жазу бар, - делінген хабарламада.
WhatsApp Image 2020-05-19 at 15.00.24.jpeg

Медаль алтын түстес жезден жасалған құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм өлшемді тікбұрышты тағанмен жалғасады. Ортаңғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек орналастырылған. Тағанның түсі ашық көк түспен құйылған.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері бүйірлермен шектеседі. Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визарлы бекіткіші бар түйреуіш орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы