Коронавируспен күрес. Тоқаев Үкімет есебін тыңдайды

17 Шілде 2021, 19:04
5197
Бөлісу:
Коронавируспен күрес. Тоқаев Үкімет есебін тыңдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

19 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді. Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады. Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимылдар жоспары қабылданбақ - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 13-16 шілде күндері Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалысқа кеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы