Ақмола облысында коронавируспен күреске қосымша 1,7 млрд теңге бөлінді

8 Шілде 2020, 11:24
1162
Бөлісу:
Ақмола облысында коронавируспен күреске қосымша 1,7 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавируспен күреске қосымша 1,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Облыста коронавирус індетін 1517 адам жұқтырған. Оның ішінде, 545 симптомды, ал 968 симптомсыз науқас бар. Өкінішке қарай, 23 адам көз жұмды. Осы аптада ауру өсімі 4,5 пайызды құрады. Соңғы тәулікте 32 адам ауру жұқтырды, ол 2 пайызды құрап отыр. Медициналық ұйымдар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Ауруханаларда 1 177 науқас жатыр, оның ішінде 38 адам ауыр жағдайда, өте ауыр жағдайда 7 адам жатыр. Сауығып шыққандар саны - 330. Науқастарды емдеу 10 инфекциялық және 24 провизорлық стационарда жүзеге асырылып жатыр, - деді Маржықпаев. 
Облыс әкімі атап өткендей, осыған дейін індет елорда маңындағы аймақтарда таралса, қазір өзге аймақтарға да жайылған. 
Жарқайың ауданында 11 есеге, Егіндікөл ауданында 6,5 есеге, Бурабай мен Степногор қалаларында 2 есеге артқан. Пандемия кезеңінде 43 дәрігер мен 112 медицина қызметкері індет жұқтырды. Оның ішінде 70 пайызы тұрмыстық деңгейде ауру жұқтырған. Төсек орындарының саны бақылауға алынған. Облыста кереует орындары 837-ден 2185 орынға дейін көбейтілді. Соңғы 3 аптада 4,5 есеге көбейді. Инфекциялық стационарларда 780 орын бөлдік. Провизорлық стационарларда 977 орын бос емес, - деді ол. 

Маржықпаев аудан орталықтарында қосымша төсек орындар ашылып жатқанын айтты. 

Шілде-тамыз айларында 1100 кереуетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. 1 тамызға дейін коронавирус індетін жұқтырғандарға 5 мың кереует орын ұсынылады. Коронавируспен күреске қосымша 1,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде Үкімет резервінен 600 млн теңге, 1 млрд-тан астам теңгені жергілікті атқарушы органдар бөлді. Қазір облыста 247 ЖӨА аппараты бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы