Коронавируспен күрес: "Көмек-2020" қоғамдық қорына 270 млн теңге түсті

10 Сәуір 2020, 05:53
1152
Бөлісу:
Коронавируспен күрес: "Көмек-2020" қоғамдық қорына 270 млн теңге түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда "Көмек-2020" облыстық қоғамдық қорына 270 млн теңге түсті. Жарналарды YDD Corporation, QazCarbon, "Қазақмыс" корпорациясы, "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС, Құрылыс және жол компаниялары және басқа да кәсіпорындардың еңбек ұжымдары жасады. Бір күндік жалақыны облыстың мемлекеттік қызметшілері де аударды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми интернет сайтында хабарланды.

Қорға тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (СЭС) және денсаулық сақтау басқармасы жүгінді. Олардың өтінімдері бойынша 104 млн теңге жұмсалды. Аталмыш қаражат дезинфекция үшін жабдықтар, дәрі-дәрмектер, сондай-ақ дәрігерлер үшін жеке қорғану құралдарын сатып алуға жұмсалды.


СЭҚ үшін 254 аспалы бүріккіш сатып алынды. Оның 56 данасы Қарағандыда пайдаланылуда. Қалғандары аймақтар бойынша бөлінеді, - деп хабарлады қор өкілдері.


Айта кетейік, Қарағандыда коронавирустың таралуымен күресу үшін "Көмек-2020" облыстық қоғамдық қоры құрылған. Қаражатты жұмсауды Қамқоршылық кеңес жүзеге асырады. Оның құрамына белгілі қарағандылықтар: медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қани Мұсұлманбеков; Қарағанды облысы әкімінің "Рухани жағыру" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков; "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ ректорының кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Вилен Молотов-Лучанский; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Серік Ақсұңқарұлы; ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт саласының Құрметті қайраткері Валерий Громов кірді.

 

Сонымен қатар коронавируспен күреске кез келген адам өз үлесін қоса алады.
Деректемелер:
"Көмек-2020" қоғамдық қоры
БИН 200 340 023 764
Кбе 18
Индекс 100009
Қарағанды қ., С. Сейфуллин к-сі, ½ үй
ИИК KZ8896509F0007987318
БИК IRTYKZKA
Қарағанды қаласындағы "ForteBank" АҚ филиалы
Өзгелердің жаңалығы