Коронавируспен күрес. Қытай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне көмек жіберді

15 Мамыр 2020, 23:19
1393
Бөлісу:
Коронавируспен күрес. Қытай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне көмек жіберді

Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетіне қарсы күреске қолдау білдіре отырып, ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қайтарымсыз көмек көрсетті.

Қытай Ауыл шаруашылығы министрлігі сәуір айының басы және аяғында қазақстандық әріптестеріне гуманитарлық көмек ретінде медициналық бұйымдар: мың дана көзілдірік пен костюмдер, сондай-ақ, 30 мың медициналық бетперделер жіберді. Қорғаныс құралдарының барлығы бақылау бекеттеріндегі ветеринарлық инспекторларға берілді.

Қазіргі уақытта екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктері бірқатар азық-түлік өнімдерін, атап айтқанда, шошқа еті, қой еті, сиыр еті, балық және балық өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, бал мен жүн шикізатын Қазақстаннан ҚХР-ға экспорттауға ветеринарлық талаптар туралы келісім жасалған.

Бұл келісім тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік беріп, қазақстандық кәсіпорындар үшін Қытай нарығына жол ашты.

Министрліктер сонымен қатар ауылшаруашылық ғылымы мен білімі, өндіріс технологияларын енгізу және органикалық өнімдерге сертификаттау жүйесін құру мәселелерінде белсенді жұмыс істейді, өйткені Қазақстанның экологиялық таза табиғи өнімдеріне Қытай тұтынушылары арасында сұраныс жоғары.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай Ауыл шаруашылығы министрлігін адал серіктес ретінде таниды және COVID-19 вирусымен күресуде көрсеткен қолдауы үшін құрмет пен ризашылығын  білдіреді.

Өзгелердің жаңалығы