Бас жаңалықтар
Коронавирусқа шалдыққандардың көпшілігі қауіпсіздік шарасын сақтамаған – дәрігер
26 Қаңтар 2021, 16:31 235

Коронавирусқа шалдыққандардың көпшілігі қауіпсіздік шарасын сақтамаған – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ  тілшісі. Біздің емханада қазір коронавирус жұқтырған 23 науқас ем алып жатыр. Олардың көпшілігі қауіпсіздік шарасын сақтамаған. Бұл туралы Алматы қаласы №32 қалалық емханасының бас дәрігері Артур Қажыбаев онлайн брифингте айтты.

Дәрігер емделіп жатқан 21 науқастың тестінен оң нәтиже расталғанын жеткізді, тағы тоғыз адам пневмониямен ауырып жатыр. Сондай-ақ 3 бала және 65 жастан жоғары  5 науқас бар. Қала стационарларында КВИ-мен 6 науқас емделуде екен.

Вирус жұқтырғандар негізінен көпшілік ортада болған, яғни тойға, қонаққа барғандар. Сауда орталықтарында жұқтырғандар – 1,2%, азық-түлік дүкендерінде - 36%, қоғамдық көлікте - 13%, базарда - 12%, әртүрлі тренингтерде - 2%. Бұл бізде ем қабылдап жатқан 23 адамның жұқтыру себебін анықтау кезінде белгілі болғаны. Негізінен алдын алу шараларын елемегеннен жұқтырған, - дейді  Артур Қажыбаев. 

Сонымен қатар, ол емханада 14 қызметкерден тұратын 7 мобильді топ жұмыс істеп жатқанын айтты. Олардың жүктемесі эпидемиологиялық жағдайға және тіркелген халық санына байланысты бөлінген. 

5 000 және одан да көп тұрғынға 1 мобильді топ белгіленген. Жедел респираторлық ауру белгілері бар және КВИ-ге күдікті пациенттерден немесе коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардан шақыртуларға үйде қызмет көрсету мақсатында мобильді топтар құрылды. Егер пациентте КВИ симптомдары болмаса, онда бақылау бұрынғы режимде 14 күнге дейін жалғасады, егер коронавирустық инфекцияның белгілері пайда болса, пациент дереу ауруханаға жатқызылады, - дейді емхананың бас дәрігері.

Артур Қажыбаев ұйымда коронавирустық инфекцияны емдеу үшін дәрі-дәрмек жеткілікті мөлшерде екенін айтты.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...