Бас жаңалықтар
Коронавирусқа қарсы тұратын өнімдер тізімі
25 Желтоқсан 2020, 23:50 1329

Коронавирусқа қарсы тұратын өнімдер тізімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирусқа қарсы вакциналар көбейіп келе жатқанына қарамастан, ғалымдар әлі де ауруға дәрі-дәрмектің көмегінсіз қарсы тұрудың жолын іздеп жатыр. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Мұны ғалымдар коронавирустың адамзатқа болашақта да қауіп төндіретінімен байланыстырып отыр. Сондықтан әр елдің ғалымдары инфекцияның алдын алып, таралу қаупін азайтудың жолын іздеп жатыр.  

Бұл ізденістегі басым бағыттардың бірі – тамақ ғылымы мен тамақтану. Ғалымдар дүкеннен алынған тауарлардың коронавируспен күрестегі әсерін зерттеді.

Осылайша, ғалымдар ауру ағымына әсер ететін бірнеше өнімді атады:

  • балық (тунец);
  • қара шоколад пен жүзім;
  • айран;
  • грейпфрут тұқымы сығындысы;
  • низин – бактериялар шығаратын және көптеген консервіде кездесетін табиғи тағам консерванты. Ол Е234 нөмірімен де белгілі.
  • теңіз балдырлары.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...