Коронавирус: қауіпті ауру тағы үш елге тарап кетті

24 Ақпан 2020, 15:14
7125
Бөлісу:
Коронавирус: қауіпті ауру тағы үш елге тарап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кувейт (3 адам), Бахрейн (1 адам) және Ауғанстан (1 адам) елдерінде коронавирус жұқтырғандар анықталды, деп хабарланды РИА Новости сайтында. 

Басылымның мәліметінше, Кувейт және Бахрейнде вирус жұқтырғандар таяуда Ираннан келген. Айта кетсек, қазір Иранда COVID-19 вирусы 43 адамға жұққан. 

Ал Кувейтте үш адам вирус жұқтырған. 

Ауғанстанның денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Ауғанстанда үш адам вирус жұқтырды деп тексерілген. Тексеріс нәтижесі біреуінде ғана вирус барын растаған. 

Бұған дейін, Қытайдан басқа бірқатар елде коронавирус инфекциясы өршіп жатқаны хабарланған еді. 

Өзгелердің жаңалығы