Бас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған ресейлік қыз ауруханаға жатқызылады
17 Ақпан 2020, 17:07 649

Коронавирус жұқтырған ресейлік қыз ауруханаға жатқызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол вирусты Жапониядағы Diamond Princess карантиндік лайнерінде жұқтырып алған. Бұл әлемнің түкпір-түкпіріне тараған ауруды жұқтырған алғашқы Ресей азаматы, деп хабарлады Ресей елшілігі. 

Дипломаттардың айтуынша, ауру медициналық тексеріс кезінде анықталған. Енді қыз емдеу курсы өткізілетін ауруханаға жатқызылады. 

Айта кетейік, лайнердің бортында әлі 24 ресейлік бар. Бортында 50 елдің 3700 жолаушысы және экипаж мүшесі бар Diamond Princess круиздік лайнері 3 ақпаннан бері Жапонияның Йокогама портында карантинде тұр. Кеме жолаушыларының арасында 24 ресейлік бар. 

Бұған дейін, бұл кемеде коронавирусты жұқтырған 450-ден астам адам бар деген хабар тараған еді. Канада, Оңтүстік Корея, Гонконг, Италия және Австралия Diamond Princess-те екі апталық карантиннен өткен азаматтарын көшіруге кірісті. 

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Ресейде коронавирус ауруының екі оқиғасы тіркелген еді. Екі адам да – Қытай азаматы. Қазіргі таңда ауруы жеңіл түрде өткен ер адам мен қытайлық студент толығымен емделіп шықты.


Фото: дереккөз
Загрузка...