Коронавирус жұқтырған алматылықтардың 82%-ы – екпе алмағандар

18 Қараша 2021, 16:34
801
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған алматылықтардың 82%-ы – екпе алмағандар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. 

Оның айтуынша, мегаполис 24 қазан мен 14 қараша аралығында «сары» аймақта болған.

Сонымен қатар, Алматы «жасыл» аймаққа көшкенін атап өтті. Себебі қала тұрғындары да, ұйымдар да карантиндік шектеулерді сақтады.

Бұған қолданыстағы шектеу шаралары мен халықты вакциналау деңгейін 48%-ға жеткізу арқасында қолжетті. Бізде апталық жұқтыру азайды. Бірақ оны нақтылау үшін 22 қарашаға дейін «сары» аймақ талаптарын сақтау қажет, - деді Жандарбек Бекшин.

Қазіргі таңда оңтүстік астанада эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Жалпы мегаполисте коронавирус ахуалының тұрақтануы жалғасуда. Апта ішінде 936 жаңа инфекция тіркелді, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны – 128. Жалпы, өткен аптада дерт жұқтырғандарды үлесі – 82%, бұлар вакциналанбаған азаматтар, - деп отыр қаланың бас санитарлық дәрігері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда балаларға вакцинация құжаты беріле бастағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы