Бас жаңалықтар
Коронавирус. "Жогорку кенештің" экс-спикері қайтыс болды
24 Мамыр 2020, 18:14 174

Коронавирус. "Жогорку кенештің" экс-спикері қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкектегі клиникалық инфекциялық ауруханада Жогорку Кенештің экс-спикері, қоғам қайраткері Мукар Чолпонбаев қайтыс болды. Бұл туралы Қырғызстанның коронавирус күрес жөніндегі республикалық жедел штабы хабарлады.

Ол 24 мамырда республикалық жұқпалы аурулар ауруханасында өмірден өтті. Чолпонбаев 5 мамырда ауруханаға түскее, ал 12 мамырда жансақтау бөліміне ауыстырылды. Коронавирустан емделу кезінде оның жағдайы нашарлап, ауруы асқынып кетті. Екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі сияқты асқынулар пайда болды. Оның бұдан бөлек жүрек, бүйрек және буын аурулары бар еді, - дейді штаб өкілдері.

Чолпонбаев COVID-19 індетінен қаза тапқан Қырғызстандағы 15-адам.

Мукар Чолпонбаев 1995-1996 жылдары Жоғарғы Кеңестің спикері болған.

Айта кетейік, 24 мамырдағы мәлімет бойынша Қырғызстан 38 адам індет жұқтырған. Барлық науқастар саны - 1403. Оның ішінде 980 жазылып шықты, 275 медицина қызметкері ауруға шалдыққан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...