Коронавирус жазда басылады деуге негіз жоқ – ДСҰ

7 Наурыз 2020, 12:45
3928
Бөлісу:
Коронавирус жазда басылады деуге негіз жоқ – ДСҰ

Алматы, BAQ.KZ. Жазға қарай коронавирус өздігінен жоғалады деуге дәлел жоқ. Сол үшін әлем елдері эпидемиямен күресте бар күштерін салу керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Майкл Райан Женевада өткен жиында айтты.

Біз коронавирустың жаңа түрі әртүрлі климаттық жағдайда қалай әрекет етеінін білмейміз ,-деді ол баспасөз мәжілісінде.

Оның пайымдауынша, қауіпті індеттің таралуы жаз мезгілінде де жалғаса бермек. Сондықтан әлем елдері онымен күресті үдете беру керек. 

М. Райан сондай-ақ қауіпті індеттер әлемнің кез-келген түкпірінде пайда болуы мүмкін екенін айта келе елдерді бір-бірін айыптамауға шақырды. Керісінше эпидемияға қарсы күресте бірігіп, адам өмірін сақтап қалу үшін жұмыла жұмыс істеу қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы