Коронавирус жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді

21 Наурыз 2020, 12:31
2316
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті індетті жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Осы сағаттағы мәлімет бойынша індетті жұқтырғандар:

Нұр-Сұлтанда - 28. 
Алматыда – 22. 
Қарағандыда -  2.
Алматы облысында - 1. 

Вирус жұқтырған ер адам 17 наурызда Ыстамбұл-Бішкек рейсімен ұшып келген. 18 Наурызда Бішкектен Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласына автомашинамен шыққан. Қазіргі уақытта ол стационарда карантинде.

Жалпы бүгінде Қазақстан бойынша 53 науқас тіркелді.
Өзгелердің жаңалығы