Австралиялық ғалымдар коронавирус жұқтырған адамды дәрісіз емдеді

1 Сәуір 2020, 15:17
5427
Бөлісу:
Австралиялық ғалымдар коронавирус жұқтырған адамды дәрісіз емдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралиялық ғалымдар СОVID-19 коронавирустық инфекциясынан дәрі - дәрмексіз емдеудің жолын тапты.

Оның жалғыз бірақ маңызды шарты –  күшті иммунитет деп атады. Бұл туралы Shraibikus News сайтында айтылған. 

Австралиялық дәрігерлер коронавирус симптомдарымен ауруханаға жатқызылған әйелді бақылайды. Мамандар әйелде бұрын-сонды созылмалы аурулар мен зиянды әдеттер болмағанын байқайды. Медицина қызметкерлері науқасқа  дәрі-дәрмектер мен вирусқа қарсы препараттарды тағайындамай,  иммундық жүйенің өз бетінше күресуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде 14 күннен соң науқас індеттен толық жазылып, ауруханадан шығарылған.

Осы зерттеуден әрбір адам өзіне белгілі бір қорытынды жасауы керек. Жұқтырудан сақтану ғана емес, сонымен қатар, иммундық жүйені күшейтіп,  дұрыс әрі пайдалы тамақтану қажет.

Өзгелердің жаңалығы