Коронавирус: Әзербайжан астанасы карантинге жабылды

20 Наурыз 2020, 16:25
1591
Бөлісу:
Коронавирус: Әзербайжан астанасы карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан астанасы Баку қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. 19 наурызда Баку мен оның маңындағы Сумгаит қаласы және Апшерон ауданына көліктердің кіруіне тыйым салынды. 

Блокпостардан тек жедел жәрдем және құтқару қызметі, жүк, полиция көліктері ғана өте алады. Шектеу шарасы кемінде 29 наурызға дейін күшінде болады. Баку, Сумгаит және Апшерон ауданына қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтайды.

Ресми дерек бойынша, Әзербайжанда 34 адамға коронавирус жұққан, бір адам қайтыс болған. 


Өзгелердің жаңалығы