Коронавирус: Қырғызстанда тағы алты адам анықталды

21 Наурыз 2020, 14:15
2038
Бөлісу:
Коронавирус: Қырғызстанда тағы алты адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда тағы алты адамнан коронавирустық инфекцияның белгісі анықталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

 
Қырғызстанда коронавирустық инфекцияны тағы алты адам жұқтырды. Олар: Баткен (1) және Созақ (5) облыстарында анықталды. Қазіргі кезде елде  жалпы саны - 12 адам болып отыр, - деп мәлімдеді COVID-19-мен күрес жөніндегі республикалық штаб өкілі.

Оның айтуынша, барлық науқастар оқшауланған, медициналық бақылауда, тиісті емдеу жұмыстары жүргізілуде.

 Еске салсақ, 18 наурызда Қырғызстанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды. Инфекция Жалал-Абад облысының Созақ ауданының үш тұрғынынан табылды. 20 наурызда Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі Ош облысының Ноокат ауданының үш тұрғыны коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

 Олардың барлығы қажылыққа барып, Сауд Арабиясы мен Кувейттен жұқтырып келгендер.

Өзгелердің жаңалығы