Бас жаңалықтар
Коронавирус: Вьетнам Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті
16 Шілде 2020, 12:55 1141

Коронавирус: Вьетнам Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі басшылығының келісімі бойынша Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысы (Вьетнам Парламенті) елімізде коронавирустың таралуына қарсы гуманитарлық көмек ұйымдастырды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі. 


Вьетнамдық парламентшілер гуманитарлық көмек ретінде жіберген жеке қорғаныс құралдары Атырау облысындағы медициналық мекемелерге жіберілді. Аймақтағы медициналық ұйымдарға уақтылы жеткізу және таратуды Мәжіліс пен Сенат депутаттары бақылауына алды.

Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары елімізде коронавирустық инфекциямен күресу бойынша кешенді жұмыстарға белсенді араласуда. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...