Коронавирус. Түркістан облысында сақтық шаралар күшейтілді
12 Қаңтар, 22:51 391

Коронавирус. Түркістан облысында сақтық шаралар күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында пандемия басталғаннан бері COVID-19 індетіне шалдыққан тұрғындар саны 16057-ге жетті. Жазылып шыққандар саны – 15 699. 

Қауіпті дертке қарсы күресті күшейту мәселесі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, соңғы 10 күн ішінде коронавирус инфекциясымен ауырудың 269 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 141 науқаста ауру симптомды, 128 адамда симптомсыз өтіп жатыр.

Қазіргі таңда өңірде 156 адам коронавирустан емделуде, оның ішінде 148 науқас инфекциялық стационарда, 18 науқас карантиндік стационарда ем қабылдауда. 1 адам үй карантиінде бақылауға алынған. Облыс бойынша ПТР зертханаларының саны – 13, оның ішінде мемлекеттік ПТР зертханаларының саны – 9 бірлік. Зертханаларда өткен тәулікте 1648 адам тексерілді. Соңғы тәулікте 55 КВИ аурушаңдық жағдайы тіркелді, оның ішінде 22 науқас симптомсыз түріне шалдықты. Облыс бойынша 216 инфекциялық және 120 карантиндік орын ұйымдастырылған. Резервке 644 төсек орын жоспарланды. Жағдайды мамандарымыз жіті бақылап отыр, - дейді Марат Пашимов.

Облыста коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта орналасқан. Күнделікті тіркеліп отырған науқастар саны бойынша Түркістан облысы республикада төменгі орында тұр.

Өңір басшысы қазір Еуропа мен еліміздің бірқатар өңірінде коронавирус індеті қатты таралып жатқанын, сақтық іс-шараларын күшейтуді, вакцинациялау жұмысы қарқынын түсірмеуді тапсырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...