Коронавирус. Тегін экспресс-тест жасайтын мобильді бекет іске қосылды

15 Сәуір 2020, 14:21
2143
Бөлісу:
Коронавирус. Тегін экспресс-тест жасайтын мобильді бекет іске қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясымен (COVID-19) күресу мақсатында биоматериалды жинаушы алғашқы мобильді бекет іске қосылды. Бекеттердің базасы арқылы тегін экспресс-тестілеуден және ПТР әдістемесімен анализден өтуге болады.


Аталмыш шара инфекция жұқтырған адамдарды уақытында анықтап, оларды емдеуге және аурудың адамдардың арасында ары қарай таралмау шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. 

Жобаның демеушісі "Aitas KZ" АҚ мобильді бекетті іске қосу үшін 39 миллион теңге бөлді. Жобаның операторы – "ОЛИМП клиникалық-диагностикалық зертханалары". Жоба жетекшісінің айтуынша, бұл мобильді бекеттерді құру арқылы вирустың таралу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік бар.
Бәріміз әлемдегі және Қазақстандағы ахуалды көріп, бақылап отырмыз. COVID-19 індетімен күресудегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ең тиімді шаралардың бірі – инфекция жұқтырған азаматтарды дер кезінде анықтау, оларды және олармен байланыста болған адамдарды оқшаулау. Біздің "ОЛИМП КДЗ"-мен бірлескен жобамыз бұл процесті жеделдетіп, вирустың таралу ошақтарында уақытылы шара қабылдауға мүмкіндік береді. Алғашқы мобильді бекеттер Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларында аптаның аяғына дейін ашылады, - деді "Aitas KZ" АҚ Бас директоры Серік Толықпаев.
Жинаушы мобильді бекеттерді ашық кеңістікте, нысандардан тыс әрі емдеу-алдын алу мекемелеріне жақын жерге орналастыруға болады. 
Адамдарды сол бекеттерге белгілі бір уақытта, басқа пациенттермен жоқ кезде шақырады. Сонымен қатар кезекте тұрудың қажеттігі де болмайды. Сәйкесінше әр пациенттен кейін санитарлық тазарту жұмысы жүргізіледі. Бекеттің медициналық персоналы пациентпен жақындаспай, байланыс микрофон арқылы, ал ПТР анализі үшін байланыс – жең арқылы орнатылады. 

1 бокстың өткізу қабілеті – 1 сағатта 12 адамға жетеді. Жұмыс кестесі: 2 ауысым бойынша 7 сағат (күн сайын таңертең сағат 8-ден бастап). Штатта 4 маман: медбике, тіркеуші, санитар қызмет атқарады.

Жобаны жүзеге асыру аясында Қазақстанның төрт қаласы үшін (Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Семей және Өскемен) 50 мың экспресс-тест сатып алынған. 

Бұған қосымша "Aitas KZ" АҚ аймақтар үшін 6 бірдей өкпені жасанды желдету аппаратын (ӨЖЖ – ИВЛ) және дезинфекцияға арналған 38 дана бүркуші сатып алып отыр.

Айта кетейік, коронавирус бойынша анализді пациенттер cdl.kz сайтындағы анализ өткізу бөліміне өтінім қалдырып, тегін тапсыра алады. Егер азамат қауіп аумағында болса, онда ол міндетті түрде шақырылады. Тексерістен өтетін адамдардың тізімі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жасалады.

Экспресс-тестілеу мен ПТР зерттеу бойынша биоматериалды жинау тәртібі:

тестик.jpeg

туп.jpeg
 
 
Еске сала кетейік "Aitas KZ" АҚ бұдан бұрын COVID-19 короновирус инфекциясына қарсы күрес үшін 213 миллион теңге бөлген болатын.



Өзгелердің жаңалығы