Коронавирус: Шымкентте профилактикалық жұмыстар күшейді

20 Наурыз 2020, 07:59
1306
Бөлісу:
Коронавирус: Шымкентте профилактикалық жұмыстар күшейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары қатаң қолға алынды. Шымкентте де дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінде коронавирусты инфекцияның алдын алу үшін аумақтар мен нысандарды дезинфекциялауға кірісті. Бұл жұмысқа санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қосылған, ол арнайы құралдарды пайдалана отырып, өрт техникасын, үй-жайлар мен жабдықтарды мұқият дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Ылғалды тазалауды тұрақты жүргізудің маңыздылығын ескере отырып, департаменттің техникалық қызметкерлері баспалдақ аралықтарын, есіктерді және барлық жанасу орындарын дезинфекциялау құралдарымен өңдейді. Жеке құрам жеке гигиена ережелерін қатаң сақтайды, дезинфекциялық құралдары бар дозаторлар сатып алынып орнатылған. 

 Бұл алдын алу шаралары Шымкент қаласы ТЖ департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынған.



Өзгелердің жаңалығы